Германия канцлері алғаш рет Ереванға ресми сапармен барып, Армения президенті Армен Саркисянмен және премьер-министр Никол Пашинянмен келіссөздер жасасқан, деп хабарлайды haberler.com.
Германия Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының мүшесі ретінде Нагор-Қарабах дауын реттеу мәселесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Жұма күні Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен бирифингте Меркель осындай мәлімдеме жасаған.
«Өздеріңіз де білесіздер, Германия ЕҚЫҰ-ның Минск тобының мүшесі болып табылады. Біз, Армения премьер-министрімен Қарабах мәселесінің оңынан шешілуіне қатысты мәселені талқыладық. Германия осы дауды шешуге дайын», - деп мәлімдеген канцлер.
ЕО пен ЕЭО-ның өзара әрекеті
"Еуразия Экономикалық Одағы (ЕЭО) мен Еуропа Одағының (ЕО) жақын арада келіссөздер жасау екіталай деген" , - Меркель: «Армения Ресей және ЕҚЫҰ-мен бір уақытта жақсы қарым-қатынаста болудың жарқын үлгісін жасап отырған ел. Мен, ЕЭО мен ЕО арасында жақын күндері осы мәселеге қатысты келіссөз бола қояды деп ойламаймын. Бірақ, Арменияның осындай саяси ұстанымдары әйтеуір бір күні сондай күннің болатынын көрсетеді», - деген Германия канцлері. Негізі, 1 маусымнан бастап, Армения мен ЕО арасында уақытша келісімшарт басталған. Айта кету керек, Еуроодақпен арадағы серіктестік келісімшартқа 2017 жылдың 27 қарашасында Брюссельде қол қойылған еді.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?