Түркияның Кушадасы аймағындағы Эгей жағалауында босқындар мінген қайық суға батып кетті. Қайғылы оқиға салдарынан жеті бала мен екі әйел қаза тапқан. Бұл туралы «Anadolu» агенттігі хабарлайды.
Түркияның жағалау күзеті қызметінің экипажы төрт адамды аман алып қалған. Аман қалғандардың сөзінше, қайықта 13 босқын болған. Олардың бәрі Грекияға бет алған. Бұдан бұрын да, 26 шілдеде испаниялық теңіз құтқарушылары қайықпен Гибралтар бұғазын жүзіп өтуді көздеген 774 босқынды эвакуациялаған еді. Испаниялық құтқарушылардың айтуынша, босқындар 52 қайыққа тиелген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы