Франциялық «Le Soir» басылымының хабарына қарағанда, Бельгия басшылығы Америка президенті Дональд Трампты Брюссель әуежайында салтанатты рәсіммен қарсы алмаған. Халықаралық сахнадағы әдеттен тыс бұл жайтқа Трамптың Бельгияға келу уақыты мен футболдан Әлем Чемпионатының жартылай финалының уақытының сәйкес келуі себеп болған.
Трамп келген уақытта Бельгияның премьер-министрі Шарль Мишель Брен-ле Конт қаласындағы футбол матчы көрсетілген залда Франция-Бельгия матчын тамашалаған. Сонымен қатар, Бельгия корольі Филипп, королева Матильда және Сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс Санк-Петербургтегі стадионда болған. Осы уақытта әуежайдан түскен Трампты тек СІМ өкілдері ғана қарсы алған. Бұл жағдай халықаралық сахнада әдеттен тыс оқиға ретінде қабылданып, түрліше сын-пікірлерге арқау болуда.
Еске салайық, 10 шілде күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО құрамына кіретін елдердің саммитіне қатысу үшін Брюссельге келген еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы