Еуроодақ Молдоваға бюджеттік және макроқаржылық көмек тұрғысынан ақша бөлуді тоқтатты. Бұған Кишиневтегі сайлау қорытындыларының жоққа шығарылуы себеп болған. Бұл туралы "worldbulletin.net" хабарлайды.
Кишинев қаласының басшысы ретінде Андрей Нэстасе жеңіске жеткен сайлау қорытындыларының Молдова билігі тарапынан жоққа шығарылған еді. Молдова премьер-министрі Павел Филип еуродепутаттардың шешіміне наразылығын білдірді. Ол Еуроодақтың бұл шешімі молдовалық оппазицияның мүддесіне қарай қабылданған деп есептейді. Бұл бір жағынан молдовалық азаматтардың ЕО-қа деген сенімін азайтады деп санайды. Қысқасы, Еуропарламент алдағы сайлауда кейбір саясаткерлер электоралдық басым құқыққа ие болулары үшін молдовалықтарға сабақ болады деген сеніммен бұдан былай Молдованы қаржыландыруды тоқтатуға шешім шығарған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті