Уикипедия онлайн-энциклопедиясы наразылық ретінде еуропалық төрт тілдің жұмысына шектеу қойды. Бұл туралы «lanouvellerepublique.fr» хабарлайды.
Итальян, испан, латыш және поляк тілдерінің қолданушыларына онлайн-версияларына тыйым салынды. Осылайша, ашық интернет-энциклопедиясы 5 шілде күні интернеттегі авторлық құқық туралы директиваға берілген дауысқа еуропалықтардың назарын аудармақ. «Еуропадағы авторлық құқық туралы заңдарды жаңартып, әрі барлық азаматтардың ақпараттық қоғамға атсалысуына жағдай жасаудың орнына, директива бәрін басқаша қарастыруда. Яғни, жаңа кедергілері арқылы онлайн түрде араласу еркіндігіне қауіп төнгізіп, интернетке қол жетімділікті шектеуде», - деп жазылған жоғарыда аталған төрт тілдің уикипедиядағы басты парақшасында.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті