АҚШ-тың Жоғары соты президент Дональд Трамп енгізгендей, бес мұсылман елінің ел шекарасынан өтулеріне салынған тыйымды заңдастырды.
Франциялық «liberation.fr» агенттігі хабарлағандай, АҚШ Жоғары кеңесі мұсылман елдерінің АҚШ-қа кірулеріне тыйым салған Трамп әкімшілігінің «Ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты жеткілікті негіздер ұсынғанын» да алға тартуда. Сонымен, Иран, Ливия, Сомали, Сүрия және Йемен елдері азаматтарына АҚШ территориясына өтуге рұқсат жоқ.
Еске сала кетейік, бұл аталған тыйым былтыр, 2017 жылдың қыркүйек айында енгізілген еді. Алайда әртүрлі деңгейдегі апелляциялар мен көптеген қарсылықтарға ұшырағаны белгілі. Енді, Жоғары сот бұл мәселенің нүктесін қойып отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы