Ресей билігі ГУЛАГ лагеріне қамалғандар туралы мәліметтерді өртеп жатыр. Тиісті шешім осыдан 4 жыл бұрын қабылданған екен. Орталық архив басшылары билік тапсырмасын биылғы жылдан бастап толық орындауға кірісіпті. Бұл туралы Коммерсантъ басылымы жазды.
Алайда Ресейдегі көптеген музей директорлары орталық мұрағат басшыларының бұл қылығын - тарихқа жасалған "қастандық" деп санайды. Сөздерінше, Кеңес Одағы кезінде репрессияға ұшырағандар туралы ақпараттың барлығы жойылып кетсе, онда сол дәуірдің шындығын ел сол күйі біле алмай кетеді. Сондықтан олар тым құрығанда лагерге қамалғандардың тіркеу карталарын сақтап қалуды ойлап, президент әкімшілігіне хат жазыпты. Әзірге Ресей билігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме бермеді.