Ақтөбе түбінде ғұн жауынгерінің сүйегі табылды. Сарбаздың мүрдесін сол маңдағы құрылысшылардың бірі анықтапты. Болжам бойынша, қорымға жерленген жауынгер б.з.д. ІІ-IV ғасырларда өмір сүрген. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлайды.
Құрылысшылар мүрде табылған орынды қазып, топырақ тиемек болған. Кейін, адам қаңқаларын анықтап, дереу полицейлерге хабар беріпті.

Фото: mgorod.kz
Қазір ғұн сарбазының мүрдесіне сараптама жасалып жатыр. Археологтар қорымды қаза келе, сол маңнан жылқының сүйектерін де тауыпты. Шамасы, ғұн әскері тұлпарымен бірге жерленсе керек. Мамандар табылған олжаны облыстық мұражайға өткізген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы