Израильдің Әскери-әуе күштері Газа секторының солтүстігінде палестиналық ХАМАС ұйымының бес нысанына әуеден бірнеше соққы жасады. Осы әуе шабуылдары Израильдің оңтүстік территориясындағы атысқа жауап ретінде жасалды. Бұл туралы "eadaily.com" агенттігі хабарлайды.
«Әскери рейдтер ХАМАС террорлық ұйымының теңіз күштеріне тиесілі бес террорлық нысанға бағытталды. Олардың барлығы бірдей Газа секторының солтүстігінде еді» , - деп хабарлайды Израиль армиясы.
Еске салайық, 1 маусым күші ХАМАС пен Израиль әскерлерінің арасындағы қақтығыс кезінде палестиналық медбике Разан әл-Наджар қаза тапқан еді. Осы оқиғадан кейін, Газа секторындағы жағдай бұрынғыдан да шиеленісті жағдайға жетіп тұр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы