Бүгін, 29 мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Анадолы» агенттігіне берген сұхбатында Құрама Штаттар Сүриядағы содырларға қару тиелген бес мың жүк көлігін жеткізді деп мәлімдеді.
«АҚШ Сүрияның солтүстігіне қару-жарақ пен оқ-дәрі тиелген бес мың жүк көлігін жіберді», - деді ол. Түрік басшысының сөзінше, америкалықтар жүк ұшақтары арқылы екі мың рейс жасап, Сүрияға қару-жарақ жеткізген. "Түркия Сүриямен 911 шақырымдық шекарамен шектесетін болғандықтан, Вашингтон бұл жағдайға жауап беруге міндетті. АҚШ өз әрекеті арқылы Түркияда террорлық топ деп есептелетін "Күрдтердің халықтық қорғау отряды" (YPG) мен "Демократиялық одақ" (PYD) партиясына қолдау көрсетеді», - деді.