Италия президенті Сергио Маттарелла (Sergio Mattarella) кеше бұйрыққа қол қойып, алдағы жылы Парламенті таратып, жалпы сайлау жүргізетінін айтты. Италия көптеген жылдардан бері экономикалық ауыр жағдаймен және дәстүрлі партиялардың қарсылығымен күресіп келеді. Бұл туралы «WSJ» басылымы жазды.
Соңғы жылдардағы Италиядағы саяси дағдарыстың ең басты себебі, Парламенттегі басым орынды ешбір партия немесе альянстың жеңіп алмауы деп қарайды сарапшылар. Бұл Италия парламентін қауқарсыздыққа алып келіп, соңында ұзақ жылға созылған саяси дағдарыстар мен экономикалық қиыншылықтарға ұшыратты. Еуроаймақтың үшінші үлкен экономикалық аймағы ауқымды саяси тұрақсыздыққа ұшыраған болатын. Дегенмен, жаңа парламент сайлауынан елдің үміті зор.
Италия президенті Сергио Маттарелла қол қойған бұйрық бойынша, елдің Парламент сайлауы 4 наурызда өтетін болды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы