Ауғанстан аймағында«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы күш ала бастады – деп мәлімдеді ҰҚШҚ (ОДКБ) баспасөз қызметі.
ҰҚШҚ мәліметінше, соңғы уақыттары Ауғанстан аумағындағы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының белсенділігі артқан. Олар осыған дейін елдің оңтүстік аймақтарында тұрақсыздық орнатуға түрлі әрекеттер жасап келген болса, соңғы уақыттары ҰҚШҚ қарамағындағы солтүстік аудандарда да белсенділіктерін арттыра бастаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Гани Ресей мен Пәкістанды «Талибан» қозғалысын қолдап отыр деп айыптап, осы уақытқа дейін лаңкестердің қолынан көз жұмған 1,5 миллион ауғандықтың қаны солардың мойынында екендігін айтқан болатын. Ал Ресей сыртқы істер министрлігі Мохаммад Ашраф Ганидің бұл мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын айтып, достық қарым-қатынастағы Ауғанстан елінің президенті қателеседі деп мәлімдеген.