Бразилияның президенті Мишел Темер сәрсенбі күні аса маңызды болған кеңес үстінде өзіне тағылған сыбайлас жемқорлық айыбын теріске шығарды. Бұл туралы «The Wall Street Journal» баслымының онлайн қызметі хабарлады.
Бразилияның Өкілдер үйі Темерге қарсы прокуратураның айыптауларын қабылдап, жоғары соттың қарауына жіберген еді. Солай бола тұрса да дауыс беруде Темер өзіне қажетті дауысты әлде қашан жинап болған. Бразилия Өкілдер палатасы мүшелерінің тең жартысынан астамына қылмыстары үшін айып тағылған.
Осыған дейін Темердің қаржылық дағдарысты жеңілдетуге бағытталған реформалары экономикалық ынталандыруға қабілетті болып келді. Алайда, сыбайлас жемқорлықпен айыпталған шенді-шекпенділер елдің ең негізгі билігін шеңгелдеп отыр. Сонымен бірге Бразилия ең қажетті болған ұлттық және мәдени реформа ұзақ жылдан бері сәтсіздікке ұшырап келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау