28 шілде күні Пәкстан Жоғары соты сыбайлас жемқорлық айыбымен елдің премьер-министрі Наваз Шарифтің өкілеттілігін тоқтатты. Алайда, Наваз Шариф бұл шешімге мойынсал болмаған беті, премьер-министр кеңсесін босатып берді. Бұл Үндістан, Қытай және Пәкстан арасында қарым-қатынастардың ең бір кілтеңді кезеңінде орын алған саяси өзгеріс Қытай билігін алаңдатып отыр. Бұл туралы сол елдің «Шинлаң» ақпараттық агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Наваз Шарифтің даулы ісі өткен жылы басталған болатын. Оған және оның отбасы мүшелеріне сыбайлас жемқорлықпен айналысты деген айып тағылып, тергеу комиссиясы тексеруді бастаған еді. Биыл 10 шілде күні тергеу тобы қорытынды шығарып, Жоғары сот істі қабылдап алған. 17 шілде күнінен бастап, Жоғары сот Наваз Шарифтің үстінен сыбайлас жемқорлық ісін қарай бастады. 28 шілде күні Жоғары сот шешімімен Пәкстан премьер-министрі тақтан тайдырылды.
Сот тергеу тобының мәліметіне қарағанда, Наваз Шарифтің отбасы мүшелерінің бизнестен тапқан табысы оларға тәуелді барлық мүліктерді дәлелдеуге жеткіліксіз деп тапқан. Сондай-ақ, ұл-қыздарына жалған құжаттарға қол қойған деген айыбымен бірге Лондонда элиталық пәтерлер меншік құқығын жасыру деген айыптар тағылды.
Нәтижесінде, Наваз Шариф үшінші өкілетті мерзімі аяқталмай жатып тақтан тайдырылды. Пәкстандағы бұл саяси өзгерістің Бейжіңді алаңдататын жөні бар. Үндістан мен Қытай арасы салқындап, шекаралық дауы өршіп тұрған кезде, Пәкстандағы саяси өзгеріс Қытайға тиімсіз. Көптен бері Қытайдың сенімді көршісі саналып келген Пәкстан, «Бір белдеу, бір жол» жобасын қолдаушы серігі еді. Қытайдың оңтүстік-батысындағы стратегиялық маңызы одақтасы. Пәкстан билігіндегі бұл келеңсіздік, Қытайдың Үндістанмен болған текетіресінде ұпайын кеміте түседі.