Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс қозғалды - деп хабарлайды Өзбекстан бас прокуратурасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқармасының баспасөз қызметі.
Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше, Гүлнара Кәрімованың үстінен Өзбекстан қылмыстық кодексінің 168, 178, 182, 189, 228 және 243 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алуға шешім шығарылған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Гүлнара Кәрімова үй қамағында отыр деген бейресми ақпарат тараған болатын. Ислам Кәрімов өлгеннен бері Гүлнара Кәрімова халық алдына мүлде шықпаған. Ол тіпті әкесінің жерлеу рәсіміне де қатыса алмаған. Шет елдік саясаттанушылардың айтуынша, Өзбекстанның қазіргі билігі Гүлнара Кәрімоваға қысым көрсету арқылы үй қамағында ұстап отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы