Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ислам өркениетінің батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет екенін айтты. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды.
Ердоған осыған дейін мұсылман әлеміне үндеу тастап, әл-Ақса мешітін мұсылмандардың иелігіне өткізгісі келетінін айтқан болатын. Бұл ретте Президент үйінде "Ислам әлемі жоғары оқу алаңының қалыптастыру" тақырыбындағы жиналыста сөйлеген сөзінде Израиль үкіметінің әл-Ақса мешітіндегі металл детекторды алып тастағанын алқады.
Десе де, Ердоған Израильдің металл детекторды алып тастау әрекетінің мұсылмандар мүддесін қорғаудағы жеткілікті іс емес екендігін, жұма күндері мешіт қақпасының мұсылмандарға жабық тұратындағына наразы.
Сөз соңында Ердоған Израиль әкімшілігінің Иерусалимнің Ислами ерекшеліктерін бұзуға тырысқанын қатаң айыптады. Әл-Ақса мешітінің қадірін қорғаудың бүкіл Ислам әлемінің парызы екенін атап көрсетті. Ол: «Израиль мынаны есте сақтауы керек – бұл әлемде бейбіт өмір сүргіңіз келсе, өзгелерді қорқытудың орнына, өзін және аймақты отқа орайтын саясаттардан аулақ болу керек. Ислам өркениеті батыс тарапынан басып алынбаған жалғыз өркениет», – деді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы