Халықаралық Валюта қорының басшысы Кристин Лагард әлем мемлекеттерінің қаржы министрлерін жаңа дағдарысқа дайындалуға шақырды. Бұл туралы ол CNBC телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Соңғы онжылдықта орын алған дағдарыстарға қарап, жуық арада тағы бір қаржылық қиындықтың боларын болжау қиын еместігін айтқан Халықаралық Валюта қорының басшысы: "Дағдарыс қайдан келетінін нақты білмейміз. Сондықтан барлық мемлекеттердің қаржы министрлеріне осындай күрделі жағдай туындай қалған сәтте, оны еңсеруге дайын болу керектігін ескерткім келеді", - деді.
Сондай-ақ, Кристин Лагард мемлекеттердің қаржы секторын нығайту қажеттілігі туралы да өзінің пікірін білдірді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы