Ерте ме кеш пе әлемдік экономикада доллардың басымдығы болмайды. Бұл туралы Ресейдегі Bank of America Merrill Lynch-тың бас экономисі Владимир Осаковский "Лента ру" сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Егер тарихқа қарайтын болсақ, бұдан бұрын фунт стерлинг әлемдік валюта болған. Оны доллар ығыстырды. Сондықтан доллардың да ығысатын кезі келеді", - деді сарапшы.
Экономистің бағалауынша, бұл жағдай АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі барынша қысқарған кезде болады. "Мұның нағыз аласапыран оқиға болатыны нақты емес. Бірақ ол күндердің күнінде болатын нәрсе", - дейді Осаковский.
Сондай-ақ, ол АҚШ-тың қарызы өте үлкен көлемде екенін, 16-18 трлн долларды құрайтынын атап өтті. Осыған байланысты Америкада айтарлықтай қарыз дағдарысы басталуы мүмкін.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?