Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдігінен айырылып қалды.
Филиппин боксшысы Пакьяо WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғай алмай австралиялық Джефф Хорннан жеңіліп қалды.
Жексенбі күні 29 жастағы Хорнмен шаршы алаңға шыққан 39 жасар Пакьяо төрешілердің шешімі бойынша 117:111, 115:113, 115:113 есебімен чемпиондық белдікті австралиялыққа беріп қойды.
Кездесу соңынан кейін Мэнни Пакьяо төрешілердің шешімімен толықтай келісетінін айтқан.
Бұдан сәл ертеректе Пакьяо Головкин мен Альварес кездесуі жайында "Иә мен бокс көремін. Маған GGG мен Канело екеуінің боксын көру өте қатты ұнайды. Бірақ бұл кездесуде жеңуге Головкинде көбірек мүмкіндік бар. Оның күші мен агрессиясы бұл жолыда өз басымдығын береді. Дәл қазір жеңіс ұпай айырмашылығы мен келеді ме, жоқ әлде нокаут арқылы болады ма оны айту қиын. Өйткені екеуіде өте мықты." - деген болатын.
Естеріңізге сала кетейік жартылай орта салмақтағы Қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин қыркүйектің 16 күні мексикалық Саул Альвареспен кездесетін болады.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?