ҚХР төрағасы Ши Жинпиң Гонконгтың Қытайға қайтарылғанына 20 жыл толуына орай өткізілетін мерей тойға қатысуының алдында, Гонконг полицейлері сәрсенбі күні «Жин Зыжиң» (金紫荆/ Jin Zijing) алаңында ереуіл жасаған бірнеше демократияны қолдайтын белсенділерді тұтқындады. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Қатысты адамдардың берген мәліметіне сүйенсе, Гонконг Халық қозғалысы партиясының ұйымдастырушысы Хуаң Жыфың мен Ло Гуансоң да бұл реткі тұтқындалғандар арасында бар. Гонконг Халық қозғалысы 2014 жылы өңірде кең көлемді наразылық шарасын ұйымдастырған болатын. Ол кезде аталған партия ұйымдастырған ереуіл 79 күнге ұласқан.
1997 жылы Ұлыбритания Гонконгті Қытайға қайтару келісіміне қол қойған болатын. Сондағы келісім бойынша, 2047 жылға дейін Гонконг қаласы автономиялы ерекше әкімшілік регионы болып саналады делінген. Алайда, ресми Бейжіңнің Жоғары халық кеңесі Гонконгті басқаруға араласқаны үшін, ондағы демократияны жақтаушылардың қарсылығына ұшырап келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау