Өзбекстан азаматшасы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған күзетшісін өлтірді деген күдікпен ұсталды.
Өзбекстан азаматшасы Фарида Байрамова Түркия президентінің күзет басқармасында қызмет атқарған 24 жасар Рамазан Озчелекті өлтірді деген күдікпен қамауға алынған.
25 жастағы Фарида Байрамова маусымның 19 күні үйінен Озчелектің жансыз денесі табылғаннан кейін ұсталған болатын. Байрамова мен Озчелек әлеуметтік желі арқылы тансықан. Байрамованың айтуынша, Озчелек оның пәтеріне келіп, екеуі бірігіп видео көргеннен кейін «Русская рулетка» ойынын ойнаймын деп өз-өзін тапаншамен атып алған.
Бірақ тексеру барысында Байрамованың да, Озчелектің да ұялы телефонынан ешкім, ешқандай видео көрмегендігі анықталған.
Фарида Байрамова Түркияның Исмет Инен атындағы фармацептикалық университетінің студенті болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы