Tesla компаниясы электркөліктерін Қытайда құрастыруға ниетті. Компания Шанхай маңынан көліктерді құрастыратын зауыт салу туралы келіссөздер жүргізуді бастап кеткен, деп хабарлайды Bloomberg.
Ресми келісімге осы аптада қол қойылу керек екен. Tesla Шанхай билігімен келіссөздерді аяқтап жатыр. Келісім жан-жақты қаралған. Сондай-ақ, Қытай заңына сәйкес, Tesla жергілікті серіктестермен бірлескен кәсіпорын құруға тиіс. Егер келісім жүзеге ассаTesla көліктерін сату кезінде салықтың 25 пайызын төлемеуге мүмкіндік алады.
Өткен жылы қытайлық нарықтан компания 1 млрд доллардан аса табыс тапқан. Осылайша, Илон Маск үшін Қытай өте тиімді нарық болғалы тұр. Дегенмен Tesla өкілдері әзірге көлік құрастыратын зауыттың салынуына қатысты пікір білдірмеген.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау