Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 31 мамырындағы № 120-1090 «Астана қаласында халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 өткізу кезінде жер, сәулет-құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты бірқатар мәселелері туралы» қаулысы қабылданғаннан бері тұрғындардан қала әкімдігіне әртүрлі өтініштер түсе бастаған.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында да әрқилы пікірлер туындады.
Қаулыны қолдану сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерге елорда әкімдігі қала кәсіпорны, ұйымдары және жеке тұлғалар нысан құрылысы мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарын белгіленген жер участкесі шекарасында жүргізе алатыны түсіндіруде.
Аталған Қаулының талабы жер жұмыстарын жүргізуге, инженерлік желіні тартуға және қала аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге қолданылады.
Шектеу апаттық және жөндеу жұмыстарына қолданылмайды. Сондай-ақ 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін пайдалануға берілетін нысандарға таралмайды. Жұмыстар пайдаланатын мекемлердің өкілінің қатысуымен және бақылуымен жүргізілуі тиіс дейді қала басшылығы.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі