Ресейдің «Лукойл» компаниясы Өзбекстан бойынша жанармай бекеттерін ашады деп мәлімдеді «Өзбекмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Әлишер Сұлтанов.
Әлишер Сұлтановтың айтуынша, ресейлік компания бірінші жанармай бекеттерін Ташкент қаласы маңында салатын болады. Кейіннен «Лукойл» бүкіл республика бойынша жанармай бекеттерін ашуды жоспарлап отырған көрінеде. Бірақ «Лукойлдың» АЙ 92-95 маркалы бензиндері жергілікті жанармайлардан қарағанда бағасы жағынан қымбатырақ болады. Себебі компания жанармай бағасын нарықтағы бағаға сәйкестендіріп қояды.
Қазіргі таңда Өзбекстан тарапы «Лукойл» комапниясына ел аумағында жанармай бекеттерін салуға рұқсат берген. Бірақ «Лукойл» осыған байланысты өз ішінде келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.
Айта кететін бір жайт – «Лукойл» компаниясы Ташкент қаласында өзінің жанармай бекетін 2017 жылдың қаңтар айында салып бітірген. Бірақ ол жанармай бекеті әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау