«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы екі бірдей Қытай азаматын өлтіргендігі жайында хабар таратты.

«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы өзінің Telegram әлеуметтік желісіндегі парақшасында, мамыр айының соңынан бері кепілдікте ұстап отырған Қытай елінің екі азаматын өлтіргендігі жайында мәлімдеген. Олардың айтуынша ҚХР екі азаматын Пәкістанның Кветта қаласында кепілдікке алған.

«Ислам мемлекеті» лаңкестің ұйымының бұл мәлімдемесіне Қытайдың сыртқы істер министрлігі өз алаңдаушылығын білдіріп, тексеру жұмыстарын бастап кеткендігін хабарлаған.

“The Qazaq Times”