Ресейлік олигарх Роман Абрамович Лондондық «Челси» футбол клубына 14 жылда 3,8 млрд доллар қаржы салған деп хабарлайды Lenta.ru сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
14 жылдың ішінде «Челси» 806 миллион фунт (1,04 млрд доллар) қаржыға ойыншылар сатып алған. Ал 2,4 миллион фунт (3,4 миллион доллар) клуб жұмысшыларына, 71 миллион фунт (91,5 миллион доллар) компенсация ретінде жұмыстан шығарылған бапкерлерге төленген.
Бұдан бөлек Лондондық клуб Fordstam Limited компаниясына 1,3 миллиард доллар қарыз.
Роман Абрамович «Челси» футбол клубын 2003 жылы сатып алған болатын. Содан бері клуб14 жылда 14 жүлде ұтып алған. Биыл «Челси» Ұлыбритания чемпионатының алтыншы рет жеңімпазы атанды. Ал, 2011/2012 жылы «Челси» өз тарихында тұңғыш рет чемпиондар лигасын ұтып алған болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы