АҚШ азаматтарына Солтүстік Кореяға саяхаттай баруға қатаң шектеу қойылды. Бұл шектеуді АҚШ Сыртқы істер министрлігі жасап отыр. Аталған министрлік жариялаған жазбаша ескертуде былай деп көрсетілген: «Солтүстік Кореядағы АҚШ азаматтарын елдің заңына сәйкес тергеуге алу және ұзақ мерзімге қамау істеріне байланысты қатаң шектеу қойылады». Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Солтүстік Корея мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынас болмағандықтан сол елге саяхаттай барған АҚШ азаматтарына консулдық қызмет көрсетуге шарасыз. АҚШ-та қылмыс болып саналмайтын кейбір әрекеттер үшін АҚШ азаматтарының Солтүстік Кореяда сотталуы соңғы кезде екі ел ара қатынасына үлкен әсер етіп отыр.
АҚШ үкіметінің берген мәліметіне сүйенсек, соңғы он жылда 16 АҚШ азаматы Солтүстік Кореяда сотталған екен. Соның көбіне тағылатын айып, саяси үгіт-насихат тарату және тыңшылық айып тағылған. Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана корей текті Ким Саң-Дак есімді Америка азаматын Солтүстік Корея үкіметі тыңшылық айыбымен соттаған болатын. Десе де, қатаң түрде жасалған ескерту мен шектеу шарасына қарамастан, Америкадан Солтүстік Кореяға саяхаттай барғысы келетіндер әлі де бар.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы