АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон баспасөз мәжілісінде АҚШ-тың сыртқы саясатындағы басымдықтардың өзгеретіндігін айтты. Яғни, сыртқы қатынастарда Американың ұлттық қауіпсіздік және экономикалық мүдделеріне ұмтылмақ. Тиллерсонның айтуынша, АҚШ үкіметі кісілік құқық мәселелеріне басымдық беріп, жаһандық перспективада жаңа бағыт ұстанатын болады. "The Wall Street Journal" басылымы хабарлап отыр.
Сәрсенбі күні, Рекс Тиллерсон АҚШ Мемлекеттік департамент қызметкерлері мен дипломаттарына қарата айтқан сөзінде, қазіргі кездегі Трамп үкіметінің «Америка бірінші» саясаты сыртқы саясаттың ең негізгі ұстанымы болып табылады. Ол сөзінде: «Біз бір елдің адамдық құқық мәселесіне Америкаға тән болған қалыбын орнатпаймыз. Алайда, олар америкалық адамдық құқық нормасына ең бірінші құрмет етуі тиіс.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзі бойынша, үкіметі саясаты мен адамдық құқық, демократия, баспасөз бостандығы және аз санды этностардың құндылықтары қатарлылар жеке-жеке қарастырылмақ. Трамп үкіметі бұл жақтарда Буш пен Обама үкіметіне ұқсамайтын басымдықтарды бергелі отыр.
""The Qazaq Times"


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау