Біріккен Араб Әмірлігі Фуджейра аймағындағы жағалауға Антарктиданың мұзтауларын алып келу туралы жоспарларымен бөлісті. Мұздықтар мен мұзтауларды көшіріп келудегі мақсат – аудандағы мұхит суына еріген судың үлесін қосу. Бұл туралы Oxu.Az порталы хабарлады.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпараттарына сәйкес, мұздықтар ерігенде атмосферада ылғал мен салқын ауаның пайда болуынан жауын-шашын мөлшері артып, жергілікті климаттың өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Сонымен қоса, еріген су мұхит суымен араласқанда экологиялық баланс сақталып, биологиялық ортаның тазаруына алып келеді.
Мұзтауларды туристерге арналған арнайы аймақ ретінде де пайдалану жоспарда бар.
“The Qazaq Times”


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді