Қазақстандық Kazakh TV теле арнасы қырғыз тілінде хабар тарататын болды деп жазды өзінің Facebook парақшасында Қырғызстан телерадио корпорациясының басшысы Илим Карыпбеков.

Илим Карыпбеков Facebook  парақшасында «Жақсы жаңалық, осы жылдың қазан айынан бастап қазақтың Kazakh TV арнасы қырғыз тілінде хабар тарататын болады. Бұл жайында дәл қазір маған Kazakh TV директоры Тараков Андрей Юрьевич айтты.» деген.

Қазіргі таңда  Kazakh TV  қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде хабар таратады. 2002 жылы  Caspionet болып құрылған арна, 2012 жылдан бастап Қазақстнады жарнамалу мақсатында Kazakh TV-ға ауыстырылған болатын.

“The Qazaq Times”