Судья Бәкірбаев процесс алдында БАҚ өкілдеріне арнайы уақыт бөліп ескерту жасады. Қазақ Таймс журналисіне шара қолданатынында айтып, БАҚ өкілдеріне сот барысын қалай түсіру керектігін көрсететін нұсқаулықты беруді хатшысына тапсырды.
Айыптаушы прокурор Естебек істегі 41 томның ішінен айыптауға қажетті деп тапқан стенограмманы оқып тіргеу барсында алынған қару-жарақтар туралы анықтамаларды оқыды.
Айыпталушы тараптың адвокатының бірі Жанар Балғабаева прокурордың оқуына ілікпеген тұстарынан мысалдар келтіріп судьядан ескеруін сұрады.
Сот соңында адвокат Балағабаева айыпталушылардың әрекетімен құзырлы орындардың ұстанымы туралы көзқарасын айтты.