Америкалық әскер Өзбекстан тумасы делінетін Әбдірахман Өзбеки қайтыс болғанын хабарлады. Ол "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің ең сенімді адамы ретінде белгілі.
Хабарларға қарағанда, ол 6 сәуірде Майадин қаласы маңындағы құпия арнайы операция кезінде өлтірілген.
"Бұл құрлық операциясы еді. Бар айтарымыз осы ғана", - деді АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі полковник Джон Томас. Ол Өзбекидің әуе шабуылынан қайтыс болмағанын ескертіп өтті.
Америкалықтар Әбдірахман Өзбекидің Ыстамбұл қаласындағы Rein түнгі клубында биыл 1 қаңтарда болған шабуылға қатысы бар деп отыр. Сол шабуылдан 39 адам қаза тауып, 69 адам жараланған еді. "Ислам мемлекеті" ұйымы теракт жауапкершілігін өз мойнына алған.
Түнгі клубтағы қарулы шабуылды 34 жастағы Өзбекстан тумасы Абдулқадыр Машарипов жасады. Ол шабуылдан 16 күннен кейін Стамбулда ұсталды.
«The Qazaq Times»


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты