7 қыркүйекте мәжіліс депутаттары "Мерекелер туралы заңға" өзгеріс енгізіп, 1 желтоқсанда тойланатын Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке тізімінен алып тастауды мақұлдады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Тұңғыш президент күні енді "қоғамдық жоғары маңызы бар дата" болады. Бұған қоса, мәжіліс 25 қазан Республика күнін қайтарып, ұлттық мереке статусын берді. Ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке статусына түсті.
2011 жылы 10 желтоқсанда парламент "Мерекелер туралы" заңға толықтырулар енгізіп, 1 желтоқсанды Тұңғыш президент күні ретінде атап өтуді мақұлдаған. Депутаттар бұл датаны елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "мемлекет алдындағы еңбегін таныту мақсатында" мемлекеттік мереке деп жариялаған еді.
Ал 1990 жылғы 25 қазанда егемендік декларациясы жарияланған күн елде 2009 жылға дейін "Республика күні" ретінде аталып келген еді. Кейін бұл мереке қоғам қарсылығына қарамастан күнтізбеден алынған.
Ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасынан соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреп, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейді.
Кейінгі уақытта Назарбаевқа қатысты шешімдердің көбін мәжіліс депутаттары ұсынып жатыр. Мәселен, 5 мамырда мәжіліс референдум туралы заңнан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты бөлімді алып тастау ұсынысымен келіскен еді. Кейін 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдумнан кейін бас заңнан Назарбаевқа берілген "Елбасы" статусы алынды. Ал 2 қыркүйекте мәжілістің бір топ депутаты Нұр-Сұлтан қаласына "Астана" атауын қайтаруды ұсынды.
Мәжілісте отырған депутаттардың басым бөлігі Назарбаев тұсында оның саясатын жаппай қолдаған еді.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
10 КҮНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? Покровск маңындағы қасап, дрон соғысы және жаңа Бас қолбасшының тактикасы
Алмасбек Садырбай ісі: Протоколдағы «күмәнді» кол қоюлар, Павлодардағы жоқ шығын және тоқтатылған беттесулер
Майдан шебіндегі бетбұрыс: Киевтің «технократиялық төңкерісі» және соғыстың жаңа доктринасы
Қонаевтағы сот: Садырбайды 12 жылға соттағысы келетіндер бұқа мен қойды ажырата алмай ма?
Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?