Халықаралық атом қуаты жөніндегі агенттігі ресейлік әскер басып алған Запорожье атом электр станциясындағы жағдай туралы есебін жариялады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Өткен аптадағы тексеру кезінде инспекторлар станцияның бірнеше жері, соның ішінде өңделген ядролық отын сақтайтын орын зақымдалғанын анықтады.
МАГАТЭ есебінше, бұдан бөлек турбиналарды майлауға арналған сұйықтық сақталған цистерна; реактор орналасқан ғимарат маңындағы кешен; оқу корпусы; станцияны қорғайтын апат жүйесі орналасқан ғимарат; сонымен бірге радиация деңгейін бақылау жүйесі орналасқан контейнер бүлінген.
Сарапшылар Запорожье атом электр станциясы аумағында ресейлік әскери техника болғанын хабарлады.
Есепте станцияда "қауіпсіздік аймағын" белгілеу қажеттігі айтылған. МАГАТЭ осы іске көмектесуге дайын. Агенттік атом станциясын атқылауды доғаруға шақырып, бұның соңы "ядролық апатқа" ұласуы мүмкін екенін ескертті.
Запорожье АЭС-іне жиі оқ атылып жүр. Украина мен Ресей шабуылға бір-бірін айыптап отыр.
МАГАТЭ инспекторлары Запорожье АЭС-іне 1 қыркүйекте кіріп, төрт сағаттай сонда болды. Агенттік миссиясының алты мүшесі апта аяғына дейін станцияда қалса, екеуі тұрақты түрде сонда болады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр