Қазақстан ОПЕК елдерінің мұнай өндіруді азайту жөніндегі келісіміне қарамастан, қара алтынды өндіруді күніне 20 мың баррелге азайтудың орынына, 78 мың баррелге артырған.
Бұл шикізатқа тәуелді ел экономикасын тұрақты ұстап отыру үшін жасалған қадам болуы мүмкін. Бірақ, қазір халық арасында кең пайдаланылатын АИ-92 маркалы жанармайы 142-143 теңгеден сатылып жатыр. Мұнай қымбаттаса да, арзандаса да бензин бағасының шарықтап тұруын билік өкілдері жанармайды сырттан алып келетіндіктерімен түсіндіріп жүргеніне біраз уақыт болғаны белгілі.
“The Qazaq Times”