Қырғызстанның жаңа билігі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы бірқатар сәтті сөйлесулерден кейін Бішкек тарабы "Өзбекстанмен шекара мәселесі 100 пайыз шешімін тапты" деп мәлімдеген еді. Бұндай мәлімдеме Қырғызстан ҰҚМК жетекшісі Қамшыбек Ташиевтың Тәшкенте 24-25 наурыздағы келіссөздерінен кейін жасалған. Алайда, Өзбекстанмен шекараға қатысты сөйлесулерге қатысты қырғыз қоғамында алабөтен пікірлер өршіп кетті. Кейбір оппозициялық топтар Жапаров билігі Өзбекстанға ел мүддесін ұттырып қойды деп сынағандар да бар.
Өткен апта соңында Өзбекстан Сох облысының әкімі Қырғызстанның Баткен облысынан Сох пен Ферғананы жалғайтын жол алғандарын ресми ақпарат құралдарында айтқан. Бұл Қырғызстан тарапта да өткен апта ішінде ақпарат құралдарына таралып, Садыр Жапаров билілі Өзбекстанға қырғыз жерінен коридор беріп қойды деген пікірлерге ұласқан. Бірақ, Қырғыстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Ташиев бұны жоққа шығарып мәлімдеме жасады. Ол екіжақты келісулер мен кейбір жарттар аясында тек 20 адамға дейінгі жолаушылар көлігіне ғана рұқсат берілгенін алға тартқан.
Қырғыз қоғамында Өзбекстанның анклавына дәліз ашып беру мәселесі билікке қарсы сын-пікірлерді күшейтті. Шынына келгенде Жапаров админстрациясы қырғыз қоғамының сыны алдында абдырап қалғандай болды. Өткен аптада Президент баспасөз қызметі Өзбекстанның Сох анклавына көлік және әуе жолдарын ашып беруге дайын екенін жазбаша мәлімдеме арқылы білдірген. Қатты сындардан кейін бұл жазбаша мәлімдеменің мәтіні өзгертіліп қайта жарияланды. Онда Қырғыз тарабы тек әуе дәлізін ашуға ғана даяр екенін білдірген.
Сох-Риштан жолы 2013 жылғы жанжалдан кейін жабылып қалған еді. Президент Жапаров Тәшкент сапарынан кейін Өзбекстан анклавына жол ашып беру туралы айтқан. Бірақ, бұл оған қарсы саяси топтардың сын-пікірін өршітті.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?