«Қырғызстан кириллицадан латын алфавитіне көшу керек» - деді Қырғыз Республикасының депутаты Қаныбек Иманалиев бүгінгі парламент отырысында.

12 сәуірде латын әліпбиіне көшу жайында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Егемен Қазақстан» газетіне «Болашаққа бағдар: рухани жаңару» атты мақаласын жариялаған еді.

Қазақстан президенті латын әліпбиіне 2025 жылдарға қарай толық ауысуға кірісеміз десе, Қырғызстан парламентінің депутаты Қаныбек Иманалиев "2030-2040 жылдары көшеміз", – деді.

“The Qazaq Times”