Қытай Солтүстік Кореяның лидері Ким Жоң Ун (Kim Jong Un/Ким Чен Ын) мен оның отбасына эксперименттік жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны берген. Бұл турасында америкалық сарапшының мәліметіне сүйне отырып Reuters агенттігі Сеулден хабарлаған.
Хабарға қарағанда, Солтүстік Корея лидері мен бірқатар жаңа лауазымдыларға эксприменттік вакцина салынғаны туралы мәліметті Жапонияның барлау қызметінің деректеріне сүйене отырып, Уашингтондағы Ұлттық мүдделер орталығының Солтүстік Корея жөніндегі сарапшысы Харри Казианс жариялаған. Казианстың айтуынша, Солтүстік Кореяға берілген вакцинаның қайсы компания өнімі екені анық емес және оның өнімділігі туралы толық мәлімет жоқ.
Сарапшылардың айтуынша, Қытайда кем дегенде үш компания (Sinovac Biotech Ltd, CanSinoBio және Sinophram Group) коронавирусқа қарсы вакцина шығарумен айналысып жатыр. Бұлардың арасында Sinophram Group өндірген вакциянаны Қытайда 1 млн адамға қолданғаны мәлім. Алайда, бұл үш компания да өздерінің тәжірибелік жаңа коронавирустық вакцинасына клиникалық сынақтардың үшінші кезеңін басым көпшілікке сынап жатқанын сыртқы әлем біле бермейді.
Қазірге дейін Солтүстік Корея режимі елде коронавирус жұқтырған бірде бір науқастың тіркелмегенін айтып келеді. Алайда, Оңтүстік Корея барлау қызметі Солтүстік Кореяда вирустың таралып жатуы мүмкін екенін айтады. Себебі, коронавирус Қытайда ресми тіркелгеннен кейін биыл қаңтарға дейін Солтүстік Корея Қытаймен сауда-саттық байланысты үзбей сақтап тұрған. Оңтүстік Корея барлау қызметі КХДР территориясында бірқатар карантиндік лагерлердің салынғанын анықтаған.