Шавхат Мирзиеев  Өзбекстан мектептерін 12 жылдық оқу жүйесінен 11 жылдыққа ауыстыру керектігі жайында мәлімдеме жасады. Ол бұл жайында маусымның 16 күні Ташкент қаласының №78 мектебіне барған кезінде айтқан.

Шавхат Мирзиеев №78 мектепке тәжірибе жүзінде биылдан бастап 11 жылдық оқу жүйесіне көшу жөнінде тапсырма берген болатын.

Бұдан бөлек Мирзиеев Өзбекстандағы лицейлердің 40 пайызын қысқартып, кәсіптік колледждердің дәрежесін көтеру керектігі жайында айтқан.

Өзбекстан 1997 жылдан бастап 12 жылдық оқу жүйесіне ауысқан. Сол уақыттан бері өзбек оқушылары 9 жыл мектепте қабырғасында 3 жыл лицейлер мен колледждерде білім алып келеді.

“The Qazaq Times”