АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің 2016 жылға арналған қаржылық есебін жариялады. 98 беттен тұратын құжат Үкіметтің этика жөніндегі бюросының сайтында жарияланған, деп хабарлайды lenta.ru.
Президент 2016 жылы гольф клубтарының арқасында 298 млн доллар табысқа ие болған. Сондай-ақ, ол Флорида штатындағы "Мар-а-Лаго" шипажайынан 37,2 млн доллар, Вашингтон қаласында ашылған Trump Hotel қонақүйінен 19,7 млн доллар табысқа ие болған.
Есепте Дональд Трамптың президенттік қызметке кіріскенге дейін жетекшілік қызметтен кеткен 565 компанияның тізімі көрсетілген. Сондай-ақ, Трамптың қарыз міндеттері 315 млн долларға бағаланған.
Ақүйдегілердің мәліметінше, есеп президенттің өз еркімен жасалған. Енді оның 2018 жылға дейін мұндай есеп жарияламауға құқығы бар. Дональд
Трамп осы жылдың қаңтар айында Trump Organization компаниясынан кетті. Ал оның салық жөніндегі кеңесшісі Шери Диллон инаугурация болғанға дейін АҚШ ПРезидентінің барлық активтері сенімгерлік басқаруға берілетінін және компаниядарды басқару қызметінен бас тартатынын мәлімдеген.