Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаевты Өзбекстанға шақырды.
Мирзиеев пен Атамбаев маусымның 8-9 күндері Астанада өткен Шанхай Ынтымақтасық Ұйымының аясында кездесу өткізді. Кездесу барысында Шавхат Мирзиеев Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының өскендігі, шекаралық аймақтардағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілгендігін айтып, Алмазбек Атамбаевты өз еліне шақырды,
Ал Алмазбек Атамбаев өз кезегінде Мирзиеевке шақырғаны үшін алғысын білдіріп, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара достықтың, бірліктің шекарасы болу керектігін айтқан.
Бұдан бөлек екі ел басшылары Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны делимитациялау мен демаркациялау жұмыстарын тездетіп бітіру керектігі жайында әңгіме қозғаған.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі