Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базаларын күшейтіп жатыр деп хабарлады РИА Новости ақпарат агенттігі.
Бұл жайында «Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі Ауғанстандағы лаңкестердің Орталық Азия аумағына өтіп кетпеуі үшін Тәжікстан мен Қырғызстандағы әскери базаларды жаңа, заманауи әскери техникамен жабдықтап, күшейтіп жатыр.» деді РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанадағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің бас қосуында.