Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев Әндіжан облысына іс-сапармен барды деп хабарлайды UzNews ақпарат көзі.
Іс-сапар барысында Мирзиеев Әндіжан облысында тұратын бірнеше отбасының үйіне кіріп, халықтың тұрмыс, тіршілігімен танысқан.
2005 жылы Әндіжанда болған қанды қырғынан кейін Ислам Кәрімовтың кезінен бастап, осы уақытқа дейін Өзбекстан билігінің бұл облысқа деген көзқарасы суық болатын.
Сол себепті Шавхат Мирзиеевтың Әндіжанға іс-сапармен баруы ел ішінде үлкен жаңалық болды. Өзбекстан жұртшылығы Мирзиеевтің бұл ісін жаңашылдыққа жасалған қадам деп бағалады жатыр.