Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу қаласында Ресейде оқып жүрген қазақ студенттерімен кездесті деп хабарлайды «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.
Кездесу Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында болған. Бұл кездесуде Иманғали Тасмағамбетов «Егер ел болашағын көргің келсе оның жастарына қара деген әл-Фараби. Мен қазір сіздерге қарап өте қатты қуанып тұрмын.» деген.
Естеріңізге салайық Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елші болып кеткенде халық арасында үлкен дау туған болатын. Біреулер Ақорда Тасмағамбетовты биліктен алшақтатып жатыр десе, біреулер ол Мәскеуге өзі сұранып кетті деген еді.