Бүгін президент Н.Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесті. Кездесуде ол осының алдында ғана Сыртқы істер министірі лауазымынан алынған Ерлан Ыдырысовтың, Қазақстанның Ұлы Британиядағы Елшісі болып тағайындалғанын жариялап, оның көп жылғы атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.
Бұл туарлы Ақорданың ресми сайтында хабарланған.
Кездесу барысында Н.Назарбаев Сыртқы істер ведомствосының жаңа жетекшісі Қайрат Әбдірахмановты таныстынды. Сондай-ақ, қазіргі дағдарыс белең алған жағдай мен сан құбылған әлемдік оқиғалар уақытында, СІМ алдында жаңа міндеттер мен жаңа қадамдардың тұрғанын атап көрсетті.
Қаңтардың бірінен бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысады. Аталған құрылымның тұрақты емес мүшесіне сайлану Қазақстаннға әлемдік қауымдастық тарапынан жасалған құрмет деген Президент, осыбір жауапты қызметті ойдағыдай атқаруды қадағалады әрі «қысқы универсиада - 2017» және «Астана ЭКСПО-2017» қатарлы халықаралық деңгейдегі шараларды да ойдағыдай өткізудің маңызына тоқталды.
«The Qazaq Times»