Ардақты ағайын, құрметті бауырлар!
Баршаңызды төл мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні, әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, татулық пен бірліктің бастауы. Табиғат жаңарып, тіршілік жанданатын осынау мерекеде әрбір шаңыраққа қуаныш, береке, молшылық тілейміз. Ақ мол болып, бақ орнасын! Наурыздың шапағаты жанымызды жылытсын, көңілімізге нұр сепсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Жаңа жылда жаңа табыстарға, жарқын сәттерге, бақыт пен шаттыққа кенеле беріңіздер!
Жақсылыққа толы, ырыс-берекелі Наурыз айы баршаңызға құтты болсын!
Наурыз – құтты болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?