19 кыркүйек. сағат 15:00 де Алматы қалалық сотында өткен жылғы қанды қаңтар кезінде әуежайды басып алды деп айыпталып 4 жылға сотталған тәуелсіз журналистс Айгерім Тілеужан, 8 жылға сотталған оқутушы Қалас Нұрпейіс, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтардің апелляциялық соты басталуы керек болған. Алайда Қазыбек би көшесінің 68 үйінде орналасқан қалалық сот ғимараты түскі үзілістен бастап тарс жабылған. Жай ғана жабыла адмай күштік құрлым қызметкерлерімен құрсауланған. Ашық сот просесін бақалауға келген қарапайым азаматтар түгілі сот залына сотталушылардың қорғаушыларында жібермеді. Адвокаттар сотты офлайн өткізуге өтініш хат тапсырған. Бірақ ашық әрі әділ сотты қамтамыз етеміз деушілер еш себепсіз онлайн өткізуді шешкен екен. Оған қорғаушылар түбегейлі қарсылық білдіруде. Сот ғимаратына кіргізуды талап еткен адокат Гүлнар Жуасбаеваны өзін таныструдан бас тартқан полиция қызметкері теуіп жарақаттап жәдел жәрдем шақыруға мәжбүр етті. 8 жылға сотталған нұрлан Дәлібаевтың қарт әкесі ұлының бейнісін телефон экраннан көргенімен тілдесе алмады. Жиналған жұрт сот ғимаратының алдында неше сағат сарылып тұрып ақыры сот отырысы 26 қыркүйекте онлайн өтетінін естіп ондай шешіммен келіспейтіндерін айтып тағыда офлайн өткізуге өтініш хат тапсыратындарын айтып тарқасты.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті