"Вагнер" жекеменшік әскери компанияның (ЖӘК) туыстарының байланыс чатында "соңғы оқиғаларға байланысты жалдамалы әскерге шақыру уақытша тоқтатылады" деген хабар түскен. Бұл жөнінде "Агентство" басылымы жазды.
Онда чатта 13 мың адам бары айтылған. Топтың әкімшілігі "кезекке тұруға" болатынын ескерткен.
23 тамызда "Вагнер" ЖӘК негізін құрушы Евгений Пригожин мінген ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық мүшелердің қаза болғаны жарияланды. Кейін ресейлік ақпарат құралдарында қорғаныс министрлігі "Вагнерді" бақылауға алғысы келеді деген ақпарат тарады.
Пригожиннің өзі шілде айында өзі ұйымдастырған бүліктен кейін компаниясына адамдарды тартуды уақытша тоқтатқанын мәлімдеген. Бірақ соған қарамастан "Важные истории" басылымы "Вагнер" аймақтардан адам жинап жатыр деп хабарлаған. Онда жалдамалы әскерлерді Африкаға жіберіп жатқаны айтылған.
Ал "Агентство" басылымының жазуынша, жалдамалы әскердің туыстары бірнеше айдан бері оларға ақша төлемей жатқанын айтып шағымданған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді