Абай облысында орман өртінен қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден беріледі. Бұл жөнінде премьер-министрі Әлихан Смаилов мәлімдеді.
Үкімет басшысы Абай облысындағы орман өртінен зардап шеккен отбасыларға қатысты жедел кеңес өткізді. Онда «Қазақстан халқына» қорынан қаза тапқандардың отбасына 7 миллион теңгеден берілетіні айтылды. Сондай-ақ кәмелет жасына толмаған әрбір балаға 2 миллион теңге төленеді. Марқұмдар мен олардың отбасының несиелері толықтай кешіріледі.
Бұдан бөлек, зардап шеккен отбасылардан шыққан студенттерге 40-тан астам ЖОО грант пен жатақхана беруге дайын. Ақылы бөлімде оқып жатқан студенттер грантқа ауыстырылады.
Абай облысындағы орман өрті әлі сөндірілген жоқ. Аймақта 1530 адам, 320 техника, 14 тікұшақ жұмыс істеуде. Жел екпінінің жоғары болуы өртті сөндіруге кедергі келтіруде дейді мамандар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті