Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша Абай облысындағы орман өртінен кейін қызметінен алынып тасталған бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізілмек.
Ильин Абай облсындағы ауыр жағдайдан соң жұмыснан шеттетілген болатын.
– Президент Бас прокурорға тапсырма берді, сол бойынша тексеру жүргізіледі. Өрт фактісінің өзі төтенше жағдай. Адамдар қайтыс болды, сондықтан оқиғаның мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталады. Неліктен дер кезінде шара қолданылмады, немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау және т.б. тексеріледі, – деді ол.
Қоғамда Абай облсындағы өртке байланысты пікір әр алуан. Билікшіл топтар бұның барлығын жауапты қызметкерлердің қателігі десе азаматтық қоғам мүшелері сол жауапты адамдардың барлығын тағайындаған президент Тоқаев жауапты деп санайды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр